Поездағы саяхат

10.09.2018

 

Бүгінгі күні поезды ыңғайлы қатынау құралы деп айта алмаспыз. Өйткені, оның орнын әуе көлігі алмастырғалы қашан? Жылдам, жайлы. Алайда, өткен ғасырдың еншісін ешкім келмеске жібергісі келмейді. Бұл көлік түрі ойлануға, әр нәрсені саралауға немесе жай ғана терезе сыртына үңілуге мұрсат береді. Егер асықпаңыз, «отарбамен» саяхаттаудың өзі ерекше емес пе?! Жаңа заман тұрғындарын ескішіліктің өрнегі қалай таңғалдырар екен?

 

Venice Simplon-Orient-Express


Бұл маршрут ХІХ ғасырда Париж бен Стамбул жолаушылары үшін ашылған. Бүгінде дәл осы сызбамен жүріп, Бухарест пен Будапешті де бір уақытта көре кетсеңіз болады. Сондай-ақ, бұл поезда Лондоннан Венецияға дейін бір линияда қатынай аласыз.

 

Belmond Royal Scotsman

Мұндай жайлылықтан ешкім бас тарта қоймас! Әлі күнге дейін бұл үздік вагондардың қатарында. Бұл поездбен сіз бүкіл Шотландияны көру мүмкіндігіне ие боласыз. Бастысы, саяхатқа дұрыс уақытты таңдай білсеңіз болғаны. Ол тәулігіне 2-ден 7 рет өзгеріп тұрады.

 

Andean Explorer

Жолға кететін уақыт небәрі 10 сағат. Алайда, мұндағы әсемдікті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Перулік вагондар Анд тауларының етегінде жылжығандықтан, ерекше пейзаждың куәсі болмақсыз.

 

Москва-Ницца

Европаға естен кетпес саяхат жасауға мүмкіндік беретін ресейлік поезд.

 

Eastern and Oriental Express

Заманауи және жайлы вагондар поезды круизға теңеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол тек жолаушыларды тасымалдап қана қоймай, бірнеше мемлекеттердің қонақжайлығын да көрсетеді. Бұл Таиландтан Сингапурға жылжитындықтан, Оңтүстік-Шығыс Азияның бірнеше мемлекеттерін көруге болады.

 

Tokaido Shinkansen Bullet Train

Токиодан Осакаға дейін баратын поезд 2 сағатта 600 километрді артқа тастайды. Олай болса, жайланып отырып, ғажайып көрініске куә болуға сіз де дайындалыңыз.

 

Qing 1 и Qing 2

Монбланнан биік көтеріліп, Тибетке бұлт үстінен қарағыңыз келе ме? Картинадағы поезд 5 мың метр биікке көтеріліп, рекордтық көрсеткіште келеді. Қауіпсіздікке қам жемесеңіз болады. Вагондары су өткізбейді. Сондай-ақ, арнайы оттегі де бар.

 

Rovos Rail

Африкандық поездың маршруты жетерлік. Бірақ ерекше әсер беретін көріністі Кейптауннан Виктория сарқырамасына бара жатқан жолдан көруге болады.

 

Maharaja Express

Президенттік люкс көрсетілген вагон үнді халқының қонақжайлығымен таныстырады.

Назира Қасымбек
  •  3395