Instagram арқылы қалай ақша табуға болады?

04.09.2018

 

Инстаграмда кез-келген адам өз бизнесін бастай алады. Тек көзін тапса болғаны. Көпшіліктің кездесетін проблемасының бірі – жетістікке жете алатын дұрыс бағыт таңдай алмау.

 

Бүгінде аталмыш әлеуметтік желі әлем бойынша ең танымал 10 желінің қатарында. Тізімді 1,6 млрд қолданушысымен Facebook бастаса, Youtube-ті 1 млрд адам қолданады екен. Ал инстаграм мллиондаған жандардың жиі бас сұғатын әлеуметтік желісі. Мұны негізінен 18 бен 29 жас арасындағылар көп пайдаланатын көрінеді. Мұндағы бизнес те табысты.

Әлеуметтік желі арқылы табуға болатын кіріс көзінің жолы әрқилы. Өзіңнің немесе өзгенің парақшасымен табысты ұлғайтуға болады. Инстаграмдағы кең тараған нұсқаның бірі – жарнама. Алайда, бұл табыс көзінің жалғыз ғана жолы емес.

 

Жарнаманың құндылығы жыл сайын артып келеді. Өкінішке орай, көбісі идеяның жетегінде кетіп, мотивацияны жоғалтып жатады. Мұның түрлі себебі бар. Олар бірден уақыт оздырмай, нәтижеге қол жеткізгісі келеді. Сондай-ақ, тәжірибенің аздығы бастапқыда жіберілетін қателіктер. Осындай келеңсіздіктерге жол бермес үшін, инстаграмды табысты бизнес көзіне айналдыру жолдарын ұсынамыз.

 

1. SMM (ғаламтордағы жарнама) негіздерін меңгеруді қолға алыңыз. Бұл сіздің аталған әлеуметтік желіде бизнесіңізді өз бетіңізше жүргізуге мүмкіндік береді. Мұны игеру үшін салалық әдебиеттер, курстар мен онлайн-мектептердің көмегіне жүгінуге болады.

 

2. Оқырмандарыңыздың санын қолдан көбейтіп әуре болмаңыз. Бұдан сізге келер пайда аз. Біріншіден, олардан ешқандай кері байланыс болмайды. Олар белсенді оқырмандар сияқты бола алмайды. Екіншіден, бұл тегін қызмет құны емес. Сіз оған жұмсар ақшаны өз бизнесіңізді дамытуға бағыттауыңызға болады. Есіңізде сақтаңыз! Аталмыш әлеуметтік желіде ақша табу үшін оқырмандар саны маңызды емес. Бастысы, сапа! Осыны естен шығармаңыз.

 

3. Егер сіз өз аккаунтыңызды алға жылжытқыңыз келсе, онда контенттің сапасына мән бергеніңіз жөн. Ол пайдалы, визуалды түрде әдемі көркемделген, сондай-ақ, қызықты болуы шарт. Көпшілікке ұнар өнім дайындау оңай іс емес. Мәселен, сіз өзіңіздің жеке блогыңызды жүргізіп қана қоймай, қызықты видеолар жариялап, кітаптар мен шоу-бизнес жаңалықтарын сараптап, түрлі жаңалықтармен бөлісе аласыз. Бастысы, өзгенің материалын пайдаланған кезде авторын көрсетуді ұмыт қалдырмаңыз.

 

4. Ақшаның бірден келмейтініне қазірден бастап дайын болыңыз. Инстаграмдағы салымдардың көбісі уақытпен бірге келеді. Сонымен қатар, бұл күн сайын дамып отыратын әлеуметтік желі болғандықтан, сіздің процесске қатысуыңыз өте маңызды. Мұндағы бизнес ұйымдастыру ісі дұрыс болғанда ғана табыс әкелмек.

 

Инстаграмдағы қызмет құнын жүзеге асыратын 7 идея:

 

1-идея. Қызмет құнын сату

Инстаграм өте ыңғайлы сауда алаңы. Бұл белсенді аудиторияның орны. Мұнда өз тауарыңызды сатып, қызмет құнын көрсету үшін миллиондаған аудиторияның қажеті жоқ.

 

Инстаграмда не сатуға болады?

 

Тауарлар: азық-түлік тағамдары, киім мен аяқ-киім, гүлдер, handmade бұйымдары, аксессуарлар, т.б.

 

Қызмет түрлері: дизайнерлік, копирайтерлер, суретшілер, фотографтар, психологотар, бизнес-тренерлер, ІТ мамандары, заңгерлер, сұлулық салондары, көңіл-көтерерлік жобалар.

 

Қазір инстаграм арқылы кез-келген тауар мен қызмет түрін сатуда ескеретін жайт – оны халыққа бере білу керек. Егер сіздің қандай да бір хоббиіңіз болса, оны сатуға болады. Ал егер кәсіпкерлік қабілетіңіз болса, онда интернет-дүкенін аша аласыз. Егер заңгер немесе визажист болсаңыз, онда тәжірибеңізбен бөлісіп, кеңестер беріп, оқырмандар сауалдарына жауап беретін аккаунт ашыңыз. Ол пайдала болса, халық тегін ақпаратқа көптеп тартылады. Бұл арқылы сіз тағы бір жаңа аудиторияның легін өзіңізге тартып, олардың сенімін арттыра аласыз.

 

Әр тауарға арналған аккаунттың жұмысы өзінше өрбиді. Мәселен, интернет-дүкендері үшін визуалды контент өте маңызды. Ал, қандай да бір кеңестер ұсынатын парақшалар үшін мәтіннің құрылымы назарды көптеп аударады. Алайда, екеуін бір арнаға тоғыстыра білсе, тіптен керемет!

 

Сіздің қызметіңіз сұранысқа ие болу үшін өз блогыңызда мақсатты аудиторияны жинауыңыз керек. Аккаунтты алға жылжытып, оны безендіріп, посттарды жоспарламас бұрын, өз оқырманыңыздың портретін жасап шығыңыз. Ол кім болуы мүмкін? Жасы нешеде? Немен айналысады? Қай қаланың тұрғыны? Неге қызығады? Сіз осы сұрақтарға жауап тапсаңыз, жұмыс істеу де біршама оңай болады. Мақсатты аудиторияны айқындап, жарнаманы дәл соған көрсету – таргетингтің басты механизмі.

 

Қызмет түрі мен тауарды тағы қалай сатуға болады?

  • Түрлі байқаулар, жеңілдіктер мен ойындар ұйымдастырыңыз;
  • Хештег пен геолокацияны дұрыс қолданыңыз;

  • Профильдегі ақпарат пен кілт сөздерді сауатты пайдала біліңіз.

 

Инстаграмдағы сатылым бойынша бірнеше лайфхак:

 

  • Өнімнің жасалу үдерісі жайлы оқырмандарыңызбен бөлісіңіз. Алайда, детальдарына тым үңілдіріп қажеті жоқ. Ол қызықты болу керек.

  • Әрдайым комментарийлерге жауап беріңіз;

  • Қызметтің құны мен тауардың бағасын міндетті түрде жазыңыз. Көбінесе біз «дайректке жазыңыз» дегенді көп кездестіреміз. Бағаның болмауы оқырманды шошытатыны анық. Біріншіден, ешкім де құр қызмет құнын білу үшін дайректке жазып отыруды жөн санамайды. Екіншіден, бұл – өз қарсыластарынан бағаның тым жоғары екенін білдіруі мүмкін. Сондықтан, бірден қызмет құнын жазып қойыңыз.

  • Үнемі оқырмандар пікірін жариялап отырыңыз.

 

2-идея. Жарнамалық посттар

Бұл инстаграм кеңістігінде ең оңай ақша табудың бірден-бір жолы. Басты шарты – оқырмандарыңыздың саны көп болу керек. Әдетте, олардың саны 10 мыңнан басталады. Бұдан саны аз оқырмандармен де жарнамалық посттар жазуға болады. Тек олар шынайы болуы тиіс.

 

Табыс табу алгоритімі:

  • Жарнамалық мәтін жазасыз (ол сурет немесе видео болуы мүмкін);

  • Брендтің алға жылжуы үшін хештег қоясыз;

  • Оны өз аудиторияңызбен бөлісесіз;

  • Ақшаңызды аласыз;

 

Мұның тізбесі қиын емес. Алайда, туындайтын сауалдар да бар.

 

Жарнамалық мәтіннің бағасы қанша?

 

Негізінде бағаны аккаунт иесінің өзі қояды. Көбіне бұл оқырмандар санына тікелей қатысты.  Due.com сайтының негізін қалаушы Джона Рамптона бағаны басқаша тәсіл бойынша есептейді. Әрбір «лайк» үшін 0,25-0,5 доллар және комментарий үшін 1 доллар. Мұны лайктар мен комментарийлердің орташа санына көбейткенде – жарнамалық мәтіннің құны шығады.

 

3-идея. Суреттер сатумен айналысу

 

Бір отбасы үнемі өздерімен бірге саяхатқа фотоаппараттарын алып жүріп, «демалыстағы отбасы» тақырыбына бірнеше суреттер жасаған. Кейін оларды үлкен платформаларда сатып, демалуға кеткен ақшаны толықтай қайтарып алған.

Бұл суреттер арқылы ақша табудың жарқын мысалы. Бүгінде бұл іс үшін көптеген мүмкіндіктер жасалған. Сіз бар болғаны инстаграмдағы аккаунтыңызбен сурет сататын сайттарға тіркеліп, сатуға қойған туындыларыңызды белгілеп кетесіз. Осылайша, табыс табасыз.

 

Мұның қалай жұмыс істейтінін білу үшін төменге назар салыңыз.

1. Өздігіңізден немесе биржа арқылы клиент іздейсіз;

2. Жарнаманың бағасына келісесіздер;

3. Тапсырысқа сай сапалы суреттер жасайсыз;

4. Еңбегіңіздің ақысын аласыз;

 

  • Foap қызмет көрсету аймағында тіркеліп, сатуға қойған суреттеріңіздің портфолиосын жасап қойсаңыз болады. Әр суреттің бағасы 5 доллар. Ең жақсысы сіз бір суретті бірнеше рет сата аласыз.

 

  • 500px сайтында 80 миллионға жуық суреттер бар. Мұнда сіз жұмыстарыңызға лицензия ала аласыз.

 

Оның ерекшеліктері:

  • Әр сурет үшін 4-5 кілт сөздер қолданасыз. Бұл сатып алушының сіздің жұмысыңызды оңай іздеп табуы үшін;

  • Ешкім түсірмегенді түсіріңіз;

  • Жоғары бағаланатын эксклюзивті суреттермен бөлісіп отырыңыз

  • Twenty20 – мұны iPhone-ға жүктеп алуға да болады. Сіз сатылымға шығарған кез-келген сурет сатылады. Алайда оны неше рет сату құқығы өзіңізде қалады.

  1. Snapwire – сізге сапасы жоғары бірнеше сурет жүктеуге көмектеседі. Мұнда да кілт сөздерді ұтымды қолдана білу керек. Егер сіз портфолиоңызды жиі жаңартып отырсаңыз, бонус аласыз. Сондай-ақ, міндетті түрде «соңғы сатып алынған» бөлімін де қарай жүріңіз. Осылайша, сіз қандай суреттердің сұраныста екенін білесіз.

 

Сондай-ақ, мамандар фотографтарға бірнеше кеңестерін де айтты. Біріншіден, алдын-ала қойылған емес, шынайы картина жасаңыз. Бір жылдары канадалық компания ойнап жүрген балалалардың 52 суреті үшін 6 мын доллар төлеген. Сонымен қатар, квадрат суреттерге қарағанда 4:5 форматы әлдеқайда сапалырақ көрінеді.

 

Ал, қызмет ақысына келер болсақ, бір суреттің құны шамамен 5-15 доллар болады.

 

4-идея. Аккаунтты алға жылжыту

 

Бұл әдіс те инстаграмда жақсы ақша табудың көзі. Қазір көптеген компаниялар осы бағытта жұмыс істейтін мамандарға зәру. Олардың негізгі міндеттері қандай?

 

  • Профильмен сауатты жұмыс істеу;

  • Аудитория жинап, клиенттер әкелетін контент пен контент-жоспар құру;

  • SEO оптимизация;

  • Басқа блогерлермен серіктестік;

  • Түрлі әдіс арқылы аккаунттың жарнамалық жұмыстарын алға жылжыту;

  • Таргетингтік жарнаманы жолға қою;

  • Белсенділікті арттыру (лайктар, комментарийлер, жауаптар).

 

5-идея. Аккаунтты басқару

Мұндағы міндеттер алдыңғы мамандыкімен ұқсас. Аккаунт жұмысын алға жылжытумен айналысатын маман маркетингтік құралдармен жұмыс істесе, парақшаның администраторы аккаунттың барлық жұмысына жауапты. Ол сапалы контентке қолдау білдіруі керек. Оның міндеттері төмендегідей:

 

  • постарды жиі жариялап отыру;

  • сурет/видеоны редакторлау;

  • статистикаға анализ жасау;

  • оқырмандармен байланыс;

  • жаңа идеялар турасында жұмыс істеу;

  • контент-жоспар құру;

  • жарнама берушілермен серіктестік құру;

 

6-идея. Өз тәжірибеңізді сата біліңіз

Егер сіз өз салаңыздың бесаспап маманы болсаңыз және өз біліміңізбен бөліскіңіз келсе, онда цифрлық аккаунт ашуыңызға болады. Ең бастысы, бәрін 0-ден бастаңыз.

 

Мықты өнімді қалай ойлап табуға болады?

Бірден-бір тәсіл Amazon немесе Udemy сайтынан өз салаңыз бойынша кітап сатып алып, оқып шығыңыз. Екінші тәсіл ретінде аудиторияңызға толық зерттеу жүргізіңіз. Олардың қызығушылығын біліп, қандай өнім тұтынатындарын сұрастырсаңыз болады.

 

Көбісі кездесетін қателіктер

  • идеяның жоқтығы;

  • өз қабілетіңізге деген сенбеушілік;

  • өнімді шығарып, кейін оны ешкімнің де сатып алмайтындығына көз жеткізу;

 

Мұнымен қалай күресуге болады? Алдымен нарық пен қолданушылардың сұранысын зерттеу керек. Ішкі «кухняға» үңілу үшін түрлі курстарға барып, тәжірибе жинақтау шарт. Өз-өзіңізге «Мен қандай ерекше ақпарат бере аламын?» деген сұрақ қойып көріңіз. Кейін бұл сіздің басты идеяңызға айналады. Жұмысыңызды алдымен сынамадан өткізу үшін ең төменгі бағада сатып көріңіз. Кейін соған берілген пікірлер бойынша қорытынды жасайсыз.

 

7-идея. Инстаграмдағы суреттерді басып шығару

 

Халықтың көпшілігі жеке суреттерін цифрлық форматта сақтап үйреніп қалған. Ал, оларды басып шығару – адамға ерекше әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, бұл бизнес көзі қазір айтарлықтай табыс әкеледі деп айтуға толық негіз бар. Сондай-ақ, бұл адамдарды өткен ғасырға сапар шектіретіндей.

Аталған бизнестің тағы басқа форматы бар. Ол – сіздің инстаграм парақшаңыздағы суреттерден альбом жасау. Ерекше дизайн, креатив көпшілікті таңдандыратыны сөзсіз.

Суретті басып шығаратын аппаратты жалға алу құны шамамен 50 000 теңгеден басталады. Ал өз қызметіңіздің ақысын сол бағаға қарай өзіңіз қоя аласыз. Сондай-ақ, бүкіл жұмысыңыз топтастырылған сайт жасауды да ұмыт қалдырмаңыз. Қазіргі заманда онсыз еш нәрсе де мүмкін емес.

 

Ұтыстарға қатысыңыз

 

Бұл әдісті көбінесе еліміздің шоу-бизнес өкілдері ұйымдастырады. Яғни, сіз олар айтқан бірнеше парақшаларға жазылып, белгілі бір посттарға лайк басып шығуыңыз қажет. Кейін жүлде иегері кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады. Сондай-ақ, әрбір лайк үшін ақы төлейтіндері де бар. Бұл көршілес Ресейде жақсы жолға қойылған.

 

Мәселен:

  • vktarget.ru сайтында 1 лайк үшін аз дегенде 25 рубль (134 теңге) ала аласыз.

  • Qcomment.ru сайтында жақсы жұмыс істесеңіз, тәулігіне 500 рубльді (2688 теңге) қалтаға басуға болады.

  • Cashbox сайты 1 лайк үшін 0,65 рубль (4 теңге) төлейді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Жоғарыда атап өткеніміздей, инстаграм тек әлеуметтік желі ғана емес, нағыз сауда алаңы. Жолын таба білсеңіз, қолыңыздан келген істің бәрін табысты бизнеске айналдыра аласыз.

Назира Қасымбек
  •  38063