VR технологиясы – тек ойын үшін ғана емес ...

19.07.2018

 

Осы уақытқа дейін барлығымыз VR технологиясын интерактивті көңіл көтеруде ғана пайдаланады деп ойлап келдік. Алайда аталмыш технологияны ойыннан басқа мақсат үшін де қолданатындығын көруге болады. Мәселен, Lancet Psychiatry басылымы Оксфорд университетінің ғалымдарына VR технологиясын акрофобияны (биіктен қорқу) жеңуде сәтті қолданғанын жазды.

Жаңа технология ойын индустриясының көп элементін басқа салада қолдануға мүмкіндік алды. Мәселен, виртуалды кеңістікте науқасты бақылау үшін арнайы «ментор» деп аталатын аватар құрастырылған. Ол адамға тапсырма жүктеп, оның қал-жағдайын бақылауда ұстайды. Бұл тұста, емдеуші дәрігер бар болғаны бақылаушы ретінде ғана болады. Өйткені, жүйенің бәрі автоматтандырылған. Виртуалды жүйеге кірігу үшін VR-гарнитура және кейіпкерді басқарып отыру үшін қимыл датчиктері секілді стандартты құралдар қолданылады. Терапеяның басты мақсаты «ментор» науқасты 10 қабатты ғимараттан виртуалды өткізеді. Әр қабатта кейіпкер қорқынышын жеңу мақсатында түрлі тапсырмалар орындайды. Мәселен, терезедегі мысықты алу, жартастың шетімен жүру және тағы басқа. Сондай-ақ, соңғы кезеңдердің бірінде өте биікке көтеретін арнайы платформаға тұру керек. Мұны жұмыс авторы, психолог Даниэль Фирмэн былай деп түсіндірді.
 

«Бұл тапсырманы орындаған адам ережелерді дұрыс ұстанса, биіктіктің өзі қауіпсіз болатындығына көзі жетеді. Ал, бұл тәсіл бұрынғы қорқынышына қарама-қайшы.»

 

Экспериментке 100 адам қатыстырылды. Жаңа технология арқылы ем қабылдаған адамдардың биіктікке деген қорқынышы 25 пункте төмендеген. Сондай-ақ, респонденттер енді еш қорықпастан тауға шығып, биіктікті бағындыратындарын жеткізді. Қатысушылардың бірі өз ойымен де бөлісті.

 

«Мен жартастың шетінде тұрғанда аяғымдағы ауыртпалықты сезетінмін. Бірақ бұл жолы бәрі керісінше. Аяқтарым жұмсарып, қорқыныштың бәрі сейілді.»

 

Назира Қасымбек
  •  2312